Қарағанды облысы жыл соңына дейін 500 мыңға жуық турист қабылдауға дайын. Өңір инфрақұрылымға, цифрлық шешімдер мен сервиске белсенді түрде инвестиция салып, қауіпсіздік пен жайлылықты күшейтуде. Балқаш курорттық аймағы мен Қарқаралыдағы экотуризмді дамыту-басты назарда. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында талқыланды.