Ана мен бала өміріне тікелей жауапты мамандық иелерінің орны ерекше. Зейнеткер Гүлсім Рыспаева сонау 1975 жылдардан шопан қыстауларын трактор, техникамен аралап, 26 сәбидің кіндік шешесі атанған жан. Нұра ауданында тұратын акушердің 23 жыл еңбек өтілінде аналарды босандыруының барлығы да сәтті өткен. Тақырыпты тілші тарқатсын.