Тоқтар Әубәкіров 14 жыл бойы түрлі МиГ маркадағы әскери ұшақтарды сынақтан өткізді. 1989 жылдың 1 қарашасында «Тбилиси» авиакрайсеріне МИГ-29К дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Дәл осы тарихи оқиғаны біздің арнаның ардагері Мейрам Ғабдулин камераға түсіріп алған еді.
Ескі кинокамераға түсірілген сол бір сәт, бүгіндері ұшқыштар даярлайтын училищелерінің курсанттарына аңыздай болып айтылады. Дәл сол кезде дүйім жұрт Тоқтар Әубәкровті үздік ұшқыш ретінде мойындады. Біздің арнаның операторы Мейрам Ғабдуллин Байқоңырдан Тоқтар батырдың әуе кемесінің ғарышқа көтерілу сәтін де таспаға жазып алған.
Қазақтың баласы Тоқтар Әубәкіровтің түңғыш ұшу оқиғасы біздің елді ғарыш биіктеріне жақындатты. Байқоңыр - ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жобалардың бастауына айналды. Ғарыш айлағын бағындыру бүкіл әлемді ғылыми түрде зерттеуге жол ашты.
Райхан САЙРАНБЕКҚЫЗЫ