«Қыстың қамын жаз ойла» Қарағандыда жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Жақын арада 44 қазандық пен 29 турбинаны жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Өңірде электр және жылу желілерін жаңғырту да жалғасады. Жаңа жылыту маусымына дайындық және алдағы жөндеу науқаны туралы онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте айтылды.