Қарағандыда 51 жастағы Саран тұрғыны сот алдында жауап берді. Ол биылғы қаңтар айында жергілікті шағынмаркет иесін өлтіріп, тонады деп айыпталуда. Белгілі болғандай, айыпталушы бұған дейін де әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұрын нашақор болған және қоғамдық бірлестіктердің бірінде саламатты өмір салтын насихаттаған. Қылмыс күні оның қалтасына 180 мың теңге түскен.