Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарға жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Келушілер тұрғын үй, күрделі өмірлік жағдайлар, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және басқа да мәселелер бойынша өтініш білдірді.