Қарағанды облысына биыл 1 миллион 193 мың гектар жерге дәнді-дақылдар егіледі. Бұл туралы Бұхар Жырау ауданына өткен облыстық агрокеңесте мәлім болды. Жиынға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, қаржы институттары, аграрлық ғылым, агрохолдингтер мен өңірдің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері қатысты.