Негізгі Жаңалықтар Ұлттық өнер бәйгесінде топ жарған жерлестер

Ұлттық өнер бәйгесінде топ жарған жерлестер

Шымкентте жас ақындар арасында өткен “Күміс домбыра” айтысында Қарағандылық Нұрмұхаммед Байсүгіров бас жүлдені қанжығалады. Бұл Республика бойынша 5-ші рет ұйымдастырылған бәйге. Сондай-ақ «Күміс көмей» республикалық дәстүрлі әншілер байқауында жерлесіміз Қуандық Төкенов екінші орынды иеленді. Осыған орай Кеншілер мәдениет сарайында өнерпаздарға арналған баспасөз конференциясы өтті. 

Бөлісу