Қарағанды облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Жол картасына 137 іс-шара енгізілді. Көп бөлігі орындалды. 16 мәселе партияның жіті бақылауында. Шешу жолдары аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың, басқарма басшыларының қатысуымен өткен партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралды.