Облыстық SARYARQA телеарнасының төл туындысы – «Көзімнің қарасы» фильмі қалың көрерменге жол тартты. Фильм режиссері Қаршыға Иген. Кинотуындыда қазақы тәрбие, ұлттық болмыс, тіл мен діл мәселесін қозғап, бүгінгі қоғамның өзекті тақырыптарын арқау еткен.