Алдағы бес жылда өңірде 17 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны пайда болмақ. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында да ілгерілеу бар. 40-80 шақырымдық су және кәріз желілерін жөндеу басталады. Бұл шаралардың барлығы Қарағанды агломерациясын дамытудың 2025-2029 жылдарға арналған Кешенді жоспарында белгіленген. Құжат жобасы облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында талқыға салынды.