Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылдық округінің Төрткөл ауылында меңдеген мал ауруы шаруалардың маза қашырған мәселесіне айналды.Қауіпті кесел саналатын эпизоотиялық лимфангиттің кесірінен бүгінгі күнге дейін 300 -ден астам жылқының басы жойылған.Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының мамандары 3 ауылда індеттің тіркелгенін ресми түрде растады. Жылқы бағып, күнелтен жұрттың жанайқайын әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы тыңдап қайтты.