Осакаров ауданына қарасты Молодежный кентінде «Ағаш отырғыз – табиғатты сақта» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 миллиард ағаш отырғызу туралы бастамасын жүзеге асыру және “Таза Қазақстан” мен “Парктер шеруі ” акцияларын қолдау мақсатында өтті.