Биыл Қарағанды облысында 178 азамат өз кәсібін ашу үшін мемлекеттік грантқа ие болды. Олар әлеуметтік осал топтағы бұрын жұмыссыз ретінде тіркелгендер. Грант иегерлерінің қатарында көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар бар.