Қарағанды облысының әкімі Польша Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілімен кездесті. Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев кездесуде экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға қатысты мәселелерді назарға алды.