Қарағандыда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» атты конференция өтті. Іс-шараны Қарағанды қаласының әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссия Қарағанды қаласының полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Шара “16 күн зорлық-зомбылықсыз” акциясы аясында өткізілді.