Қарағанды "Сары-Арқа" әуежайы CargoHUBKaraganda мультимодальды аэрохабына айналмақ. Нысанның тиімді географиялық орналасуы оның басты артықшылықтарының бірі болып табылады. Жобаны іске асыру өңделетін жүктердің көлемін жылына 15 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал 2030 жылға қарай екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.