Үкімет отырысында Саран қаласында жылу беру маусымын бастау мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ағымдағы жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Кездесуден кейін еліміздің Энергетика министрі Саран қаласының жай-күйін бақылап, көзбен көру үшін елордадан өңірімізге аттанды.