Қарағанды облысының журналистер қауымы үшін орны толмас қаза. Дарынды журналист, редактор, ұстаз Бақытгүл Момынова өмірден өтті. Ұзақ жылдар бойы облыстық телерадиокомпанияда аға редактор болып қызмет атқарған. Ол белсенді азаматтық ұстанымымен, шешендігімен, мейірімділігімен, өз ісіне жауапкершілігімен әріптестері мен көрермендерінің есінде қалды.