Қарағанды қаласы Кеңдала шағын ауданында жайлы мектеп ашылды. Заманауи білім беру нысаны 2000 орынға есептелген. Бұл қаладағы басқа білім беру нысандарының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы президент тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Ол оқу орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған.