Балықтан нәсіп,пайдалы кәсіп.Бұл Ақтоғай ауданына қарасты Тасарал ауылдық округінің тұрғыны Бақтияр Бейсекеевтың өмірлік кредосы. Ол үшін балық аулау еріккеннің ермегі емес.Еңбек адамы көкше көлдің үстіндегі кәсіпті жан қалауы санайды.Тулаған толқындардың арасында қауіп құшағында жүрген балықшымен әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы бірінші болып жүздесті.