Қарағанды облысының әйелдер колониясында жазасын өтеушілер ойыншықтар жасайды. Туындыларының басым көпшілігі - қуыршақтар мен ертегі кейіпкерлері. Балалар анасынан сыйлықты кесте арқылы ала алады. Біздің түсірілім тобы қолөнершілердің туындыларымен танысып қайтты.