Арбада таңылу – өмірден қамығу емес. Бұл Ұлытау облысында тұратын қайсар Қайраттың өмірілік ұстанымы. Өнерлі азамат ат әбзелдерін тоқып, жинақ қобдишаларын гиптастан құйып кәсібін дөңгелетіп отыр. Дертіне дауаны еңбектен тапқан ерекше жанмен сол өңірдегі тілшіміз Гүлбақша Беркінқызы сұхбаттасып қайтты.