Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Шахтинск қаласының мемлекеттік қызметшілері мен полиция бөлімінің қызметкерлері үшін оқыту семинар-тренингін ұйымдастырды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру бойынша маңызды ақпарат алды.