"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында 27 шілде сағат 11.00-ден бастап Майқұдық саябағында бірегей акция басталады. Онда бес пластик немесе шыны бөтелкені балмұздаққа айырбастауға болады. Ұйымдастырушылар тұрғындарды экоакцияға қатысуға және қаланы таза ұстауға шақырады.