Келер жылы Жезқазғанда облыстық мешіттің құрылысы басталады. Барлық шығынды «Қазақмыс» Корпорациясы көтеретін болды. Осы орайда аймаққа ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы келіп, компания басшылығымен меморандумға отырды. Жұмыс сапары барысында бас мүфти кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, еңбеккерлермен тілдесті.