Негізгі Жаңалықтар АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының

2023 жылғы «05» қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасының пилоттық аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдерін тікелей сайлау арқылы

қатысатын әкімдікке кандидаттарды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар ұсыну арқылы

сайланатын кандидаттардың

сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін

телеарнасында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары


«Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы, SARYARQA телеканалының (бұдан әрі - Телеканал) атынан, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеканалда эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Телеканал мен:

1) Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне Саяси партия ұсынған Кандидат арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия);

2) Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне Кандидат немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде

және Телеканал бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеканалда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеканалдың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Телеканалда эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ немесе орыс тілінде хронометражы 30 (отыз) секундтан кем емес бейнероликтер;

2) кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен сөз сөйлеуі;

3) өзге де Үгіт материалдары.

Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің Телеканал басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.

Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Саяси партияның/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Саяси партия/Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеканал эфирінде Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Телеканал белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға/Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, Телеканал техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Саяси партияға/Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Телеканалда эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын Телеканалға ұсынылуы тиіс.

Үгіт материалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.

Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар/Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, Телеканал оларды эфирге шығарудан бас тартады.

Телеканал Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының аудандары мен облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Өтініш берушілерге эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі Телеканалдың эфирлік және редакциялық саясатын, Телеканалдың ішкі нормативтік құжаттарын ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Орналастыру құны Телеканалдын барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Телеканалда Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау Телеканал ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Телеканал жазбаша өтініштерді 2023 жылғы «05» қазаннан бастап, 2023 жылғы «31» қазанды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:00 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:

 «SARYARQA» телеарнасында орналастыру үшін Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Жауынгер интернационалистер көш., 14

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы


Бөлісу