Жезқазған қаласында еліміздегі алғашқы геологиялық кластер салынып жатыр. Жоба толық инвестиция есебінен жүзеге асырылуда. Бірегей кешенде қазба жұмыстарының техникалық және кадрлық ресурстары біріктірледі. Яғни, геология саласындағы соңғы технологиялардың көмегімен жер қыртыстары зерттеліп, жаңа кен орындарын анықтауға мүмкіндік береді. Мықты кадрлық резерв жасақталады. Тың жобаның өзге де игіліктері жайлы өңірдегі тілшіміз Айзада Оразхан баяндасын.