Облыстағы тіл саясаты мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыру шараларын ұйымдастыруға бағытталған. Ономастика, көрнекі ақпарат пен жарнама саласында мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге қолайлы жағдай жасалған. Алайда шешілмей тұрған мәселелер де жоқ емес. Бұл туралы брифингте талқыланды.