Қазақстанда синтетикалық, дизанерлік есірткі қабылдайтындардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Ақ халатты мамандар осылай деп дабыл қағып жатыр. Бір ләззаттың құны өмірге теңеледі. Сол әлемге кіргендер шыға алмай, ғұмырлары қыршыннан қиылғандар да аз емес. Көңілге үрей ұялататын тақырыпты тілшіміз тарқатып берсін.