Ақтоғай ауданы бойынша биыл 154 түлек білім ошағымен қоштасып, жаңа өмірге қадам басты. Оның ішінде 9 түлек «Алтын белгіге» үміткер. Мектеп оқушыларына салтанатты шара ұйымдастырылып, соңғы мәрте қоңырау соғылды.