«WorldSkills Қарағанды 2023» VII аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау 22 жасқа дейінгі жастардың кәсіби дағдыларын дамыту үшін жасалған. Шараға облыс кәсіпорындарының өкілдері, Қарағанды қаласының әлеуметтік серіктестері шақырылды. Ойы озық студенттермен әріптесім тілдесіп қайтты.