Нұра ауданының орталығында Наурыз мейрамы жоғары дәрежеде мерекеленді. Кент тұрғындары «көш керуен» шеруін тамашалады. Ұлттық спорт ойындары насихатталды.Әуелете ән шырқалып, күмбірлете күй төгілді. Тілшіміз Сейітқали Әшім шуақты мерекенің шынайы куәсі болған еді.