Ұлыстың ұлы күнінде Қарағанды облысында 300-ден астам ақ қанатты киіз үйлер тігіледі.Қазақтың ұлттық құндылықтары кеңінен насихатталады.Сондай-ақ, республикалық ақындар айтысы өтеді. Мәдени шаралардың топтамасы жайлы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов арнайы брифингте баяндады.