Қарағанды облысында мамыр айынан бастап газға қосылатын тұрғындарды жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы жұмыс істей бастайды. Қарағандылықтар газды немесе қазандықты пайызсыз бөліп төлеу арқылы орната алады. Бүгінде Тұрғын үйді жаңғырту орталығы бұл жобаны пилоттық режимде іске қосқан.