Тегін такси.Қарағанды қаласында 85 жастағы қария 44 жылдық ескі жигули көлігімен тұрғындарға қызмет етіп келеді. Қыстың қақаған аязында халықты қалаған жерге жеткізіп тастайды. Күннің суығында адамдардың жүрегіне осылайша жылулық сыйлап жүр. Тілшіміз Гүлбақша Беркінқызы қайырымды қариямен сұхбаттасқан еді.