Қарағанды облысы аумағындағы тасжолдардың жалпы ұзындығы екі жарым мың шақырымнан асады. Оларды қыс мезігілінде қардан тазалау, күтіп ұстау мәселелері арнайы брифингте көтерілді. Оны Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы «ҚазАвтоЖол» Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп өткізді.