ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облыс жұртшылығымен  кездесті.  Мемлекет басшысы  «Қарағанды – Балқаш» және «Балқаш – Бурылбайтал» тас жолын келесі жылы салып бітіру жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Сондай-ақ, екі жылда «Қарағанды – Қарқаралы» тас жолы жөнделмек. Алдағы үш жылда бірнеше мектептер мен 5 аурухана бой көтермек.