Ақтоғай ауданына қарасты Тасарал ауылдық округі тұрғындарын талай жыл толғандырған түйткіл шешімін тапты. Аталған ауылға қатынайтын 13 шақырым жол сапалы жөнделіп, елдің игілігіне берілді. Жергілікті халықтың көңілін көкке көтерген шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров қатысты.