Мәжіліс отырысына бейнебайланыс арқылы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасын депутаттардың қарауына ұсынған болатын. Талқылау барысында 89 депутаттың барлығы Президенттің ұсынысын бірауыздан қолдап, Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болып тағайындалуына келісім берді.

Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1993 жылы инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы қызметінен бастаған.

ПЛАШКА: 1999–2003 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

 2003–2006 жылдары — ҚР Сыртқы істер вице-министрі.

2006–2009 жылдары — ҚР қаржы вице-министрі,

2009–2014 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015–2018 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалған еді.

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап – ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет басшысына алда тұрған үлкен міндеттерді тиімді жүзеге асыруға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде елде болған қасіретті оқиғадан сабақ алу, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеуге қатысты өзекті бағыттар қамтылды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар