«Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы өткен жылдың сәуір айында ашылған. Осы уақыт аралығында 100-ге жуық отбасыға ақшалай, азық-түлік, кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетіп келе жатыр. Түрлі игі істерге мұрындық болып жүрген орталық бұл жолы да дәстүрден жаңылған жоқ. Жаңа жыл мейрамында орталық демеушілердің көмегімен 500 балаға сыйлық таратқан.
Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА, «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының директоры:
-Қайырымдылық көмек көрсеткен бірнеше демеуші бар. Мысалы, Сбербанк, Отбасы банк, Центр Ипотеки деген мекемелер көрсетті. Соның ішінде Сбербанктың ерекшелігі, бұл отбасылар әр бала қандай сыйлық қалайды соны жазып алды. Аяз ата секілді. Біреуі телефон, планшет, куртка, спорткиім. Яғни, сол отбасында 9 бала болса, сол баланың әрқайсысының тілегі орындалды.
Лаура Айтқұлова бес баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Мерекеде балғындарының тілегі орындалып, риясыз қуанышқа кенелгенін көргеніне дән риза. Әрқайсысына бағалы сыйлықтар үлестіріліпті.
Лаура АЙТҚҰЛОВА, көпбалалы ана:
-2022 Барыс жылы құтты болсын, жақсылық әкелсін. Осы барыс жылы менің отбасыма үлкен қуаныш болды. Үлкен қызыма ұялы телефон, одан кейінгі ұлыма құрастыратын конструктор, мына ұлыма машина, мына қызыма жылы қысқы киім, кіші ұлыма ходунок.
Қарағанды қаласы бойынша 4700 көпбалалы отбасы бар. Олардың 2 мыңы алтын және күміс алқа иегерлері. «Шаңырақ» орталығы 1100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсеткен. Айта кету керек, Қазақстан бойынша осындай 31 орталық бар. Алайда тек Қарағанды қаласындағы «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы ғана қайырымдылықпен айналысады.
Райхан САЙРАНБЕК
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар