Гиннес рекордттары кітабына ену үшін он мың литр қымыз дайындалды. Сап түзеген сымбатты келіншектер бір мезгілде он тонна қымызды 1000 күбіге құйып, пісе бастады. Осы кезде Кубадан арнайы келген сарапшы - санағын жүргізе бастады. Жарты сағаттан соң, Гиннес кітабының өкілі өз шешімін дүйім жұрттың алдын хабарлады.
Юделькис ДИАС, Гиннестер ұйымының сарапшысы:
-Мен бұл рекордты жазу үшін арнайы Кубадан ұшып келдім. Ол дайындалған сусын көлемі, акцияға қатысушылар саны және пайдаланылған ыдыстар бойынша саналады. Бізде түрлі рекордтар көп, бірақ осындай алғаш рет жасалып отыр. Барлығын тексердік, өлшеп қойдық. Бір ай ішінде осы рекордтың нәтижесі біздің сайтта жарияланады.
Ұлттық тағамды дәріптеп, оны әлемдік дәрежеде мойындап жатқанына Жаңаарқа аудынының тұрғындары да дән риза. Қымызды пісуге келген қыз – келіншектер ауданның он төрт ауылынан жиналған.
Аққыз ТОҚСАНБАЕВА, қатысушы:
-Қымызды алға шығармақшымыз. Ағымызды көтермекшіміз. Қазақтың салты қымыз ғой. Соны көтермекші болып, келіп тұрмыз.
Еркінай ЖОЛДЫБАЕВА, қатысушы:
- Осы гиннестер кітаптарына енсе, өзіміздің ауылдың қыз –келіншектерінің еңбегі бағаланса деген ниеттемін.
Бір мезгілде 1000 күбіге құйылған он мың литр қымыздың жұпар иісі Сарыарқаның кең даласына тарап кетті. Ал, адам дертіңе шипа, шөлдегенде сусын болған қымыздың қасиетін енді барлық әлем білетін болады. Бұл шарада қонайжайлылықты бірінші орынға қойған дана халқымыз Куба елінен келген сарапшыға қымыз бен бауырсақтан дәм таттыруды ұмытпады.
Айман САҒАТАЙ
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар