12-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан әдемі дәстүр бұл. Әскери қызметте жүрген нәзік жандылар мен сымбатты сарбаздар әсем әуеннің ырғағында бұрала би биледі. Қатысушыларға көтеріңкі-көңіл күйден бөлек, патриоттық сезім сыйлаған кеш болды. Шараның да мақсаты сол, яғни әскери қызметкерлердің беделін арттыра отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу,- дейді ұйымдастырушылар.
Әлия САРЫМБЕТОВА, балға қатысушы:
-Бүгінгі өтіп жатқан жас офицерлербалы өте маңызды мереке деп ойлаймын. Осындай іс-шараларға қатысып біз мәдени дамимыз.
Жас офицерлер бұл биге 1,5 ай дайындалғандарын айтады. Темірдей тәртіпке үйргенген лейтенанттарға сәл қиындық туғызғанын да жасырмайды. Деседе, мерекелік кеште барлығы 26 жұп өнерлерін көпшілікке паш етті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Ерлан Қошановтың өзі қатысып, ақжарма тілегін жеткізді.
Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі
-«Мұнда генералдар, жалпы лауазымға ие офицерлер бар. Көптеген адамдар осындай лауазымдарға ие болуды армандайтындығын түсінемін. Бұл дұрыс. Генерал болғысы келмейтін жауынгер жаман дейді. Егерде сіз жұмыс істеп, жақсы қызмет етсеңіз,қолдарыңыздан бәрі келеді.
ҚР Тәуелсіздік күнін орай ұйымдастырылған офицерлер балы мерекелік концертке ұласты. Сарбаздар патриоттық әннен шашу шашты.
Айдана ДАСТАН
Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар