Облыс бойынша 190 мың оқушы үшін, алғашқы қоңырау үні соғылды. Ал, Қарағанды қаласында 65 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Білім күні облыс әкімі Ерлан Қошанов Нұрмақов атындағы мамандандырылған меткеп интернатының оқушыларын құттықтады. Бұл  білім ошағы елмізге кеңінен танымал.

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

- Бүгін 22 мың бала біздің облысымызда бірінші сыныпқа барды, ал 10 мың оқушы биылғы жылы оқуларын тәмамдайды. Барлықтарыңызға сәттілік пен табыс тілеймін! Біздің ұстаздар мен ата-аналарға ерекше алғыс айтамыз.

Қазір мұнда 500 оқушы білім алуда.  Биыл мектептегі  бесінші сынып оқушыларының қатары  120 жеткіншекпен толықты. Олар арнайы емтихан сынағынан сүрінбей өтті.Соның  бірі - Мұрагер Мұрат. Ол білім ордасына  түсу үшін жаз бойы дайындалған көрінеді.

Мұрагер МҰРАТ, оқушы:

-Бұл мектепке өту үшін біз екі тест тапсырдық, бірінші стадияда 30 сұрақ мен осы екі тестен 38 балл алдым.

2017 жылы мамандандырылған мектеп-интернат аймағымыздың ең үздік білім мекемелерінің бірі болып танылды. 28 кабинеттің 11-і интерактивті тақталармен жабдықталған. Оқушылардың білімін жетілдіру үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Өткен жылы «Кулинария мектебі», «Жас журналистер клубы», «Ғылым зертханасы» сияқты кабинеттер  ашылған еді. Айта кету керек, мектеп түлектерінің көбі әлемнің үздік оқу орындарында оқиды.

Сейфулмәлік СҰЛТАНОВ,  мектеп директоры:

-IT сыныптары бар. «А» сыныптары IT, «Б» сыныптарында қыз балалар оқиды, тәжірибе көрсеткендей IT –ға көбінесе ер балалар оқиды.

Жақында тағы бір жаңа кабинет қолданысқа беріледі. Ерлан Қошанов білім күніне арнап мектепке 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. Оған робототехника зертханасына қажетті жабдықтар сатып алынады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар