Облыстық прокуратура бастамасымен іске асырылған «Халық сенімі» жобасымен Теміртау политехникалық колледжі студенттері жан-жақты танысты. Жастар арасында өткен ақпараттық насихаттау шарасына екінші деңгейлі банк, даму институттары мен «Даму» қоры мамандары қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тау-кен саласы өркендеген Теміртау қаласында алдағы уақытта шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысушылары қатары арта түспек. Ол межеге жетуге жергілікті қызмет органдары тас түйін дайын. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға берілетін жеңілдетілген несие кепілдікке жылжымайтын мүлік тіккенде ғана берілмек. Ол үшін осы саланы таңдағандар біліктіліктерін шыңдап, озық инновациялық жобаларын ұсынулары шарт. Алдағы күндері аудандарда да бұл жұмыстар жандана түспек -дейді, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Нұрмұханбетов.
Асылбек НҰРМҰХАНБЕТОВ облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары
Қарапайым студенттің өзі неге кәсіппен айналыспасқа? Елімізде барлық жағдай жасалған. Ол үшін өз аумағына қарасты кәсіпкерлікті қолдау ұйымына жүгінсе жеткілікті. Сол жерден бағыт бағдар ала алады. Біздегі мүмкіндіктердің шексіз екендігін тек жобаны толықтай меңгергендер біле алады. Олар арқылы өзгеде адамдар ақпараттануы тиіс
Отырыс аясында студенттер де өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бизнесті ашу және тіркеу, салық заңнамасы секілді пікірлер қызу талқыланды. Ал, сала мамандары осы кездесуден ағымдағы жылы бірнеше жас кәсіпкердің өз ісін бастауына сеп болатынына сенімді.
Мақсат БЕЙСЕНАЕВ