Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
Сайлау учаскесіне келгендердің арасында бұл күнді алғаш рет бастан өткеріп жатқандар да бар. Бүгін 18 жастағы Валентино Владо алғаш рет дауыс беріп, сайлаушы ретінде өз таңдауын жасады. Ол Қарағандыдағы №118 сайлау учаскесінде дауыс берді. Мұнда таңертеңнен бері тұрғындар белсенділігі байқалады.