Ермек Серкебаевтың туғанына 100 жыл
Қазақтың музыкалық мәдениетінде өшпес із қалдырған ұлы өнер иесі Ермек Серкебаевтың туғанына биыл – 100 жыл. Осы айтулы датаға орай Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында белгілі әншінің шығармашылығына арналған музыкалық кеш өтті.