Медиация – қоғам тұрақтылығының кепілі
Елімізде 5 тамыз медиация күні. Осыған орай, Достық үйінде «Диалог, сенім және медиация» тақырыбында кеңейтілген отырыс өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, сот жүйесінің, ғылыми қауымдастықтың, кәсіби медиаторлардың және азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Кездесу медиация институтын дамыту, қоғамдық келісімді нығайту және этномедиация саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.