Тарихты таспаға түсірген телеоператор
Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80-жылдығына орай «SARYARQA» телеарнасының ардагері Мейрам Ғабдуллин естеліктерімен бөлісті. Ол ғарышкердің сынақ ұшулары мен ғарышқа аттанған тарихи сәттерін бейнекамераға түсірген телеоператорлардың бірі. Жарты ғасырға жуық ғұмырын телевидение саласына арнаған маман кәсіби жолындағы ұмытылмас оқиғаларды еске алды.