Бұқар Жырау ауданының ауылдарында тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысып жатыр. Саяси науқанға аудан бойынша 33745 адам қатысуы тиіс. Бұл күні халық үшін мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылған. Біздің тілшіміз Жаннұр Сүндетуллақызы Ботақара кентіне барып, бұл науқанның куәсі болып қайтты.